

Түсушілердің өтініш беру жолдары:
25 шілдеден 01 тамызға дейін түсушілер http://ubt2020.testcenter.kz сайты арқылы ҰБТ-ға өтініш бере алады. 2 түрлі категориядағы тұлғалар үшін батырмалар қарастырылған:
1 батырма - Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш берген тұлғалар үшін.
Маусым-шілде айындағы ҰБТ-ға жіберілмеген немесе нәтижесі жойылған және наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген тұлғалар, сондай-ақ ағымдағы жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген басқа да тұлғалар тамыз айындағы ҰБТ-ға тегін қатысу үшін осы батырма арқылы өтініштерін жаңарта алады. Түсуші логинге – ЖСН нөмірін, парольге - маусым айындағы ТЖК нөмірін енгізеді. Сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетеді. Сондай-ақ, Digital ID жүйесінде тіркеуден өткен түсушілер жеке кабинетіндегі сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетіп, өтінішін жаңарта алады.
.jpg)
Ескерту: егер түсуші наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, бірақ маусым-шілде айындағы тестілеуге тіркелмеген болса, онда түсуші логинге де, парольге де – ЖСН нөмірін енгізеді.
2 батырма - ҰБТ-ға өтініш беру (наурыз айында өтініш бергендерді қоспағанда).
Түсуші тіркелуден және авторизацияланудан өтеді:
электрондық поштаны көрсету, сол поштаға логин мен пароль жіберіледі;
сайтқа логин мен парольді енгізе отырып авторизацияланады.
Түсушінің одан кейінгі әрекеттері сайттағы нұсқаулықта көрсетілген (жүйеде жүктелген).
Аталған интерфейсте түсуші өзінің жеке мәліметтерін енгізгеннен кейін екі түрлі әдіспен: банк карточкасы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы тестілеуге ақы (міндетті төлем батырмасы бар) төлеуі тиіс. Тестілеу бағасы – 2242 теңге.
.jpg)
Алдын ала өтініш беру рәсімі бойынша құрылған «мәлімдеме номерін» ҰБТ тапсыру үшін құжат тапсыратын, жүйеде түсуші өзі көрсеткен ЖОО-ның жауапты хатшысына хабарлауы қажет (телефон, WhatsApp, әлеуметтік желілер т.б.).
Жоғары оқу орындары жауапты хатшыларының телефондары http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=1861 сілтемеде берілген.
Сонымен қатар, Орталықтың call center 8 8000 80 71 77 телефондары мен info@testcenter.kz қолдау қызметі жұмыс істеуде және Орталықтың әлеуметтік желілеріне жазуға болады.