В минувшую субботу, 9 ноября, на территории торгово-фермерского центра «Экспресс» города Темиртау прошла традиционная сельскохозяйственная ярмарка «Ауыл береке-2024».
Продукцию для темиртаусцев представили товаропроизводители Абайского, Бухар-Жырауского, Осакаровского районов, а также городов Караганды и Темиртау.
- Такие ярмарки у нас проходят регулярно для удобства жителей, чтобы каждый мог сделать запасы на зиму и приобрести ассортимент напрямую от производителей. Реализуется как плодоовощная, так и мясная продукция. Цены ниже среднерыночных на 10-15%, - рассказала руководитель отдела предпринимательства и сельского хозяйства города Темиртау Айганым Исенова.
Килограмм говядины стоил 2300 тенге, свинины – 1900 тенге, конины – 2650 тенге. Приобрести также можно было яйца, овощи, фрукты, орехи, консервы, медовую продукцию и многое другое.
- Мы привезли на ярмарку мёд, который производится в Костанайской области. У нас мёд органический, в составе нет никакой химии, что ежегодно подтверждается Европейским сертификатом стандарта качества. Цену специально на ярмарку сделали доступной для населения – 3000 тенге за килограмм, - рассказывает представитель пасеки Ибраевых Дия Ержанова. - У нас есть ещё мыло, продукты пчеловодства, чай. Всё безопасное и полезное для здоровья.
Среди продовольственных товаров особенно выделялся прилавок с экошопперами. Так в ярмарке принял участие благотворительный фонд «Өмір сыйла», деятельность которого посвящена помощи женщинам с заболеванием раком молочной железы.
- Мы совместно с городским отделом по работе с инвалидами сшили шопперы. Во-первых, это экологичный товар. Мы сейчас всё больше говорим о том, что нужно уходить от пластиковых пакетов. Мы посчитали и выяснили, что такой шоппер окупается за один месяц покупки пакетов. Во-вторых, все вырученные деньги с продажи шопперов пойдут в фонд, на помощь нуждающимся в лечении женщинам, - пояснила представитель фонда «Өмір сыйла» Марина Бошель.
Выбирали необходимые товары жители города под музыкальное сопровождение. Коллективы Темиртауского дворца культуры подготовили концертную программу: исполняли песни и играли на музыкальных инструментах.
По данным отдела предпринимательства и сельского хозяйства города Темиртау, объёмы реализации составили порядка 1,5 тонн молочной продукции, 15 тонн мясной продукции и мяса кур, 16 тонн плодоовощной продукции и других продуктов питания.
Кристина Лукашева
Нарықтағы бағадан төмен
Өткен сенбі, 9 қараша күні Теміртау қаласының «Экспресс» сауда-фермерлік орталығында дәстүрлі «Ауыл береке-2024» ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Теміртаулықтарға өнімдерін Абай, Бұқар Жырау, Осакаров аудандарының, сондай-ақ Қарағанды және Теміртау қалаларының тауар өндірушілері ұсынды.
– Мұндай жәрмеңкелер бізде тұрғындарға қолайлы болу үшін тұрақты өткізіліп тұрады, осылайша әркім қысқа қажетті қорын жасап, өнімдерді өндірушілерден тікелей сатып ала алады. Жәрмеңкеде көкөніс, жеміс-жидек пен ет өнімдері сатылады. Бағалар орташа нарықтық деңгейден 10-15% төмен, – деп мәлімдеді Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айғаным Исенова.
Сиыр етінің килограммы 2300 теңге, шошқа еті – 1900 теңге, жылқы еті – 2650 теңге болды. Сондай-ақ жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, консервілер, бал өнімдері және басқа да көптеген тауарларды сатып алуға мүмкіндік болды.
– Біз жәрмеңкеге Қостанай облысында өндірілген бал алып келдік. Біздің бал экологиялық таза, құрамында ешқандай химия жоқ, бұл жыл сайын Еуропалық сапа стандарттарының сертификатымен расталады. Жәрмеңкеге арнайы халыққа қолжетімді баға – килограммы 3000 теңгеден қойылды, – дейді Ибраевтар ара шаруашылығының өкілі Дия Ержанова. – Бізде тағы да бал сабыны, ара шаруашылығы өнімдері, шай бар. Бәрі денсаулыққа қауіпсіз және пайдалы.
Азық-түлік тауарларының арасында экошопперлер бар сөре ерекше көзге түсті. Жәрмеңкеге сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдерге көмек көрсетуге арналған «Өмір сыйла» қайырымдылық қоры қатысты.
– Біз қаладағы мүгедектермен жұмыс бөлімшесімен бірге шопперлер тіктік. Біріншіден, бұл экологиялық тауар. Қазір біз пластик пакеттерден бас тарту қажеттігі туралы көбірек айтып жүрміз. Мұндай шопперді бір ай бойы полиэтилен пакеттер сатып алудың орнына пайдаланса, өзін-өзі ақтайтынын есептеп шығардық. Екіншіден, шопперлерді сатудан түскен барлық қаражат қорымызға, емдеуді қажет ететін әйелдерге көмекке бағытталады, – деп түсіндірді «Өмір сыйла» қорының өкілі Марина Бошель.
Қала тұрғындары қажетті тауарларды Теміртау мәдениет сарайының ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама аясында, музыкалық сүйемелдеумен таңдады: олар әндер орындап, музыкалық аспаптарда ойнады.
Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша, сату көлемі шамамен 1,5 тонна сүт өнімдерін, 15 тонна ет және тауық етін, 16 тонна көкөніс пен басқа да азық-түлікті құрады.