В Темиртау больше 400 человек — от юных спортсменов и просто активных горожан до опытных марафонцев — совершили забег по городским улицам, чтобы выразить протест против наркомании и призвать всех к здоровому образу жизни.
В начале ноября в городе металлургов стартовал антинаркотический марафон, запущенный в рамках республиканского проекта «Нашақорлыққа жол жоқ» по инициативе прокуратуры города Темиртау, при поддержке акимата города, Управления полиции и партии «AMANAT». На протяжении месяца в городе будут проходить различные мероприятия, челленджи, уроки спортивной мотивации, соревнования и многое другое.
Одним из спортивных мероприятий марафона стал легкоатлетический забег, который прошёл в субботу, 9 ноября. Главная цель кросса - не выявить победителей, а пропагандировать населению здоровый образ жизни.
- Сегодняшний забег проходит под девизом «Нашақорлыққа жол жоқ». Каждый из присутствующих своим участием вложил важный вклад в противостояние такому злу, как наркотики. Благодарим всех, кто поддержал нашу акцию и придерживается спортивному образу жизни, - сказал прокурор города Темиртау Арман Омаров.
Перед стартом бегунов мотивировали именитые спортсмены города и ветераны спорта. Один из них - 13-кратный чемпион Республики Казахстан по лёгкой атлетике Дюсекеев Серик Капасович:
- Уважаемые участники! Особенно обращаюсь к юному поколению. Будьте здоровы, занимайтесь спортом и никогда не поддавайтесь такому страшному злу как наркотики. Алға, Темиртау!
В кроссе против наркотиков приняли участие школьники, студенты колледжей и высших учебных заведений, представители спортивных школ, производственных коллективов и организаций города, а также опытные марафонцы, ветераны, группы здоровья и просто любители бега.
- Мы сегодня с одноклассниками пришли пробежать дистанцию, потому что мы выбираем ЗОЖ. Спорт в жизни всегда пригодится: это дисциплина, выступления на соревнованиях, гордость для близких и, конечно, здоровье, - сказал учащийся школы-лицея №14 Данил Занозин.
- Бегуны клуба «Run Temirtau» пришли сегодня поддержать городское мероприятие «Спорт против наркотиков». Мы всегда за активный образ жизни, поэтому сегодня мы здесь. Погода для нас не имеет значения. Самое главное, что у нас внутри. Когда мы хотим, мы бежим в любую погоду, - отметила руководитель бегового клуба «Run Temirtau» Анастасия Ильясова.
Специально на забег приехали и гости с соседних городов. Среди таких участников достойный пример для молодого поколения – 73-летний бегун, за плечами которого 93 марафона, Толеутай Жаманбек.
- Темиртаусцам большое спасибо, что проводят такой замечательный забег. Я родом из Шетского района, живу в Караганде. Несмотря на расстояние и морозную погоду приехал поучаствовать. Недавно я в Шымкенте отличился, третьим пришёл. В Туркестане в марафоне тоже занял третье место. Возраст уже берёт своё, но каждый забег - это эмоции и адреналин. Нужно радоваться жизни и жить с пользой для своего здоровья, - поделился Толеутай Жаманбек.
Дистанция, которую преодолевали бегуны, составила три километра. Стартовали с парка «Восток». Маршрут охватил проспект Республики, проспект Строителей, улицу Абая и улицу Сейфуллина. По пути следования участников забега встречали песнями, которые исполняли участники коллективов Темиртауского дворца культуры. Направление бегунам указывали волонтёры центра «Шанырак».
Уже через 6,5 минут финишную черту первым пересёк Амаль Кусаинов.
- Я занимаюсь современным пятиборьем, в него входит пять дисциплин, в числе которых бег, плавание, стрельба, конный спорт и фехтование. Решил поучаствовать в забеге для себя. Я привык занимать первые места, хотелось снова проверить свои силы. Результатом я доволен. Это был интересный опыт. Такие забеги нужно проводить чаще, чтобы наши люди всегда были здоровыми, - сказал Амаль.
Поскольку этот забег был не соревновательным, медаль и благодарственное письмо за участие получил каждый участник. Завершился забег чаепитием, чтобы каждый мог согреться после преодоления дистанции.
Кристина Лукашева
Жаппай есірткіге қарсы жүгіру
Теміртауда есірткіге қарсы жаппай жүгіру өтті, оған 400-ден астам адам — жас спортшылар, белсенді қала тұрғындары және тәжірибелі марафоншылар қатысты. Олар есірткіге қарсы наразылық білдіру және барлығын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында қаланың көшелерімен жүгіріп өтті.
Қараша айының басында Теміртау қаласында прокуратураның бастамасымен, қала әкімдігі, Полиция департаменті және «AMANAT» партиясының қолдауымен «Нашақорлыққа жол жоқ» республикалық жобасы аясында есірткіге қарсы марафон басталды. Бір ай бойы қалада түрлі іс-шаралар, челендждер, спорттық мотивациялық сабақтар, жарыстар және басқа да шаралар өткізіледі.
Марафонның спорттық шараларының бірі жеңіл атлетикадан жаппай жүгіру болды, ол 9 қараша, сенбі күні өтті. Кросстың басты мақсаты — жеңімпаздарды анықтау емес, халыққа салауатты өмір салтын насихаттау.
– Бүгінгі жүгіру «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен өтуде. Қатысушылардың әрқайсысы өз қатысуымен есірткі сияқты зұлымдыққа қарсы маңызды үлес қосты. Біздің шараны қолдап, спорттық өмір салтын ұстанатын барлық азаматтарға алғыс айтамыз, – деп атап өтті Теміртау қаласының прокуроры Арман Омаров.
Жүгіру басталмас бұрын қаладағы танымал спортшылар мен спорт ардагерлері қатысушыларға шабыт берді. Олардың бірі – жеңіл атлетикадан 13 дүркін Қазақстан чемпионы Серік Қапасұлы Дүсекеев:
– Құрметті қатысушылар! Әсіресе жас буынға айтарым – денсаулықтарыңызды күтіп, спортпен шұғылданыңыздар және есірткі сияқты зұлымдыққа ешқашан ермеңіздер. Алға, Теміртау!
Жүгіруге мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, спорт мектептерінің өкілдері, қалалық өндіріс ұжымдары мен ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ тәжірибелі марафоншылар, ардагерлер, денсаулық топтары мен жүгіруді сүйетін әуесқойлар қатысты.
– Бүгін біз сыныптастарымызбен бірге жүгіруге келдік, өйткені біз салауатты өмір салтын таңдаймыз. Спорт әрқашан қажет: бұл тәртіп, жарыстарға қатысу, туыстар үшін мақтаныш және, әрине, денсаулық, – деп атап өтті №14 мектеп-лицейінің оқушысы Данил Занозин.
– «Run Temirtau» клубының жүгірушілері «Спорт есірткіге қарсы» қалалық шарасына қолдау көрсетуге келді. Біз әрдайым белсенді өмір салтын қолдаймыз, сондықтан осындамыз. Біздің басты құндылығымыз — ішкі ниет. Біз жүгіргіміз келсе, кез келген ауа райында жүгіреміз, – деді «Run Temirtau» жүгіру клубының жетекшісі Анастасия Ильясова.
Жүгіруге көрші қалалардан келген қонақтар да қатысты. Жас ұрпаққа лайықты үлгі көрсеткен қатысушылардың бірі — 93 марафонды еңсерген 73 жастағы жүгіруші Төлеутай Жаманбек.
– Осындай тамаша жүгіруді ұйымдастырған теміртаулықтарға алғысым шексіз. Мен Шет ауданынанмын, Қарағанды қаласында тұрамын. Алыс қашықтық пен суық ауа райына қарамастан қатысу үшін келдім. Жақында Шымкентте үшінші орын алдым, Түркістандағы марафонда да үшінші болдым. Жас алса да, әрбір жүгіру — эмоция мен адреналин. Өмірді бағалап, денсаулық үшін өмір сүру керек, – деді Төлеутай Жаманбек.
Жүгірушілер үш шақырым қашықтықты еңсерді. Жүгіру бағыты «Шығыс» саябағынан басталып, Республика даңғылын, Құрылысшылар даңғылын, Абай көшесі мен Сейфуллин көшесін қамтыды. Қатысушыларды Теміртау қаласы мәдениет сарайының ұжымдары әнмен қарсы алды. Ал волонтерлер жүгірушілерге дұрыс бағыт көрсетіп тұрды.
Алты жарым минуттан кейін мәреге алғаш болып Амаль Құсайынов келді.
– Мен қазіргі бессайыспен айналысамын, оған жүгіру, жүзу, атыс, ат спорты және семсерлесу кіреді. Бұл жүгіруге өзім үшін қатысуды шештім. Мен бірінші орын алуға үйренгенмін, өз күшімді сынап көргім келді. Нәтижеге ризамын. Бұл қызықты тәжірибе болды. Мұндай жүгірулерді жиі өткізу керек, осылайша халқымыз әрдайым сау болады, – деді Амаль.
Бұл жүгіру жарыс емес болғандықтан, әрбір қатысушы медаль мен алғыс хат алды. Жүгіру қашықтықты бағындырғаннан кейінгі шәй ішумен аяқталды.