Қазақстанда Xiaomi 18 Pro сериялы смартфондарына алдын ала тапсырыс беру жақында басталады!
13 Ноября, 2026
Xiaomi компаниясының жаңа флагмандық смартфондары 17 қарашада таныстырылады. Қазақстандықтар жаһандық презентациясын mi.com ресми сайтынан онлайн көре алады. Сондай-ақ осы күні Қазақстанда жаңа смартфондарға алдын ала тапсырыс қабылдау басталады. Сатып алушыларға арнайы жеңілдіктер мен сыйлықтар ұсынылады.
Қазақстан нарығында Xiaomi 18 Pro және Xiaomi 18 Pro Max жаңа флагмандық смартфондары сатылымға шығады. Жаңа құрылғылардың дизайны түбегейлі өзгертіліп, өнімділігі арттырылған. Бұған қоса, смартфондарға бұрын бұл нарықта болмаған бірқатар тың технология енгізілген.
Xiaomi 18 Pro сериясының таныстырылымы ерекше оқиға болмақ. Себебі брендтің Pro сериясындағы флагмандық смартфондары Қытайдан тыс елдерде алғаш рет ұсынылады. Қазақстандық сатып алушылар да жаңа құрылғылармен алғашқылардың бірі болып танысып, арнайы шарттармен алдын ала тапсырыс бере алады.
Қазақстанда смартфондардың ресми сатылымы 25 қарашада басталады. Ал 17–24 қараша аралығында Xiaomi 18 Pro және Xiaomi 18 Pro Max модельдеріне алдын ала тапсырыс қабылданады. Оны Xiaomi компаниясының mi.com ресми сайты мен
Kaspi.kz платформасындағы Xiaomi Official Store дүкені арқылы рәсімдеуге болады.
Алдын ала тапсырыс берген сатып алушыларға арнайы ұсыныстар қарастырылған. Біріншіден,
mi.com сайты немесе
Kaspi.kz-тегі Xiaomi Official Store арқылы тапсырыс рәсімдеген әр адамға 20 000 теңгелік купон беріледі. Оны Xiaomi 18 Pro немесе Xiaomi 18 Pro Max смартфонын сатып алу кезінде бірден пайдалануға болады.
Екіншіден, әр сатып алушыға Xiaomi Semi-automatic Espresso Machine кофемашинасы сыйға беріледі. Сыйлық смартфонмен бірге табысталады.
Осылайша, қазақстандықтар жаңа флагман смартфондарды алғашқылардың бірі болып сатып алып қана қоймай, арнайы ұсыныстарды да пайдалана алады.
Алдын ала тапсырыс беру мерзімі: 2026 жылғы 17–24 қараша.
Қайдан тапсырыс беруге болады?
Алдын ала тапсырыстың артықшылықтары:
По информации Xiaomi.