Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті — креативті индустриялардың тартылыс орталығы!


5 Ноября, 2026

Шығармашылық, дизайн, ұлттық дәстүр мен тың идеялар 4 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткен KarUK Creative Fest көрмесінде тоғысты. 


Фестиваль аясында өңіріміздегі креатор-кәсіпкерлердің, қолөнершілердің, суретшілер мен стартап-жобалардың 20-ға жуық экспозициясы, қазақстандық дизайнерлердің сән топтамалары мен музей жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылып, түрлі бағыттағы шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Көрме өңірдегі креативті индустриялардың сан қырлы әлеуетін танытты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі — «Креативті индустриялар: жастарға арналған мүмкіндіктер» атты пікірталас алаңы болды. Оған креативтік бағыттағы ұйымдардың өкілдері қатысып, шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту, жастардың бастамаларын қолдау және олардың әлеуетін жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

KarUK Creative Fest — жай ғана көрме емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бірегей алаң! Фестиваль университет студенттерін, жас таланттар мен креатор-кәсіпкерлерді бір алаңға жинап, олардың тәжірибе алмасуына және жаңа идеяларын ұсынуына мүмкіндік берді. Студенттер үшін бұл креативті индустриялар саласында білімін кеңейтуге ғана емес, тәжірибелі шеберлер мен кәсіпкерлердің жолынан шабыт алып, өз шығармашылық идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысын арттыруға да ерекше серпін болды.

Ұйымдастырушылар: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Тұрақты даму және креативті индустриялар ғылыми-зерттеу орталығы және Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы.

Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университетінің ақпараты бойынша.

Вернуться назад