

«Болашақ» академиясы Қарағанды облысының мемлекеттік архив қорындағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы латын әліпбиімен жазылған құжаттары бойынша тарихи-деректі көрме өткізді.
Көрмеге өткен ғасырда латын графикасымен басылып шыққан құжаттар, газет-журналдар қойылды, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» жобасына арналған жеке бұрыш ұйымдастырылды.
Көрме «Болашақ» академиясы студенттерінің және профессор-оқытушылар құрамы өкілдерінің де үлкен қызығушылығын тудырды.
Облыстық архив өкілі Жазира Акижанова 1929 жылға дейін қазақ тілінің латын графикасын қолдану тарихы жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында «Болашақ» академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Сембиев пен заң ғылымдарының кандидаты Елеужан Серімов аталған тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, жан-жақты түсінік берді.
В Карагандинской области состоялась историко-документальная выставка по переходу казахского языка на латинский алфавит
Академией «Болашақ» проведена историко-документальная выставка по документам 20-30 годов ХХ века на латинской графике из фондов Государственного архива Карагандинской области.
На выставке были представлены документы, газеты и журналы, напечатанные на латинице в прошлом веке, также организован отдельный уголок, посвященный проекту «Рухани жаңғыру».
Выставка вызвала большой интерес, как у студентов, так и у представителей профессорско-преподавательского состава Академии «Болашақ».
С докладами по истории использования казахского языка в латинской графике до 1929 года выступила представитель областного архива Жазира Акижанова.
Также обширные разъяснения и ответы на вопросы по данной тематике в ходе мероприятия даны профессором Академии «Болашақ», кандидатом филологических наук Курмангазы Сембиевым и кандидат юридических наук Елеужаном Серимовым.