Жаңа мүмкіндіктер – нақты нәтиже!
24 Декабря, 2025
Мүгедектігі бар адамдарды және күтім көрсететін тұлғаларды оқыту мен жұмыспен қамтуға бағытталған жоба екінші кезеңін сәтті аяқтады.
Жобаға 100-ден астам адам қатысты
- 2025 жылы қатысушылар «1С бағдарламалау» бағыты бойынша білім алды
- Оқыту халықаралық сертификатталған IT-мамандардың жетекшілігімен өтті
- Тыңдаушылар Қарағанды қаласындағы жетекші IT-компанияларда өндірістік тәжірибеден өтті
- Оқу соңында сертификат алып, «1C ERP company» компаниясына жұмысқа орналасты
- Бұл жоба цифрлық салада жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлес қосады.
- Жоба Қарағанды облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің қолдауымен жүзеге асырылды.
По информации ГУ «Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области»