Инклюзивті білім – нақты нәтиже!
24 Декабря, 2025
2024 жылы бастау алған мүгедектігі бар адамдарды және оларға күтім көрсететін тұлғаларды оқытуға бағытталған жоба алғашқы кезеңін сәтті аяқтады.
Жобаның мақсаты – қатысушыларға IT-саладағы заманауи дағдыларды үйрету, кәсіби дамуына қолдау көрсету және еңбек нарығына қосылуына мүмкіндік беру.
- Жобаға 100-ден астам адам қатысты
- Бірінші кезеңде — мобильді қосымшалар әзірлеу
- Екінші кезеңде — Python бағдарламалау оқытылды
- Сабақтарды халықаралық сертификатталған IT-мамандар жүргізді
- Қатысушылар Қарағанды қаласындағы IT-компанияларда өндірістік тәжірибеден өтті
- Жоба цифрлық салада жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, кәсіби дамуға нақты мүмкіндік береді, сондай-ақ күтім көрсететін тұлғаларды қолдауға бағытталған.
- Жоба Қарағанды облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің қолдауымен жүзеге асырылды.
По информации ГУ «Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области».