Қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында атқарылып жатқан игілікті істер аз емес. Осы орайда әлемге әйгілі үздік шығармаларды қазақ тіліне аудару мәселесі атқарылуда. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қарқынды жүзеге асырылып отыр. Сол оқулықтардың бірегейлерінің бірі Дуэйн Щульц, Синди Эллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы» оқулығы. Аталған кітап 11 басылым, кітап 15 тараудан тұрады.
Бұл кітап қазақ тіліне аударылған санаулы кітаптар арасында ерекше орын алады. Психологияның пән ретінде қалыптаса бастауының және ондағы ағымдар мен көзқарастардың, сондай-ақ психологияның дамуына үлес қосқан ойшылдардың өмірі мен оларға айтылған сын-пікірлер берілген оқулық, осы саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Кез келген ғылым саласының өзіндік даму тарихы бар.
Қазіргі психология тарихы - бұл психологияның үздіксіз дамуының көрсеткіші. Бұрынгы психологияның дамуы сол тарихтан бастау алып келеді. Дамуы тереңнен бастау алған психологияның дамуы осы ғылымның тарихын танудан, оның тарихын зерделеуге негізделеді.
Қазіргі психология ғылымының тарихын, аталған ғылым саласының дамуы мен қалыптасуын қамтитын ғасырларға созылған кезеңдерді қамтиды. Психологияның тарихы көпттеген салаларды, сондай-ақ сан алуан ойлар мен көзқарастарға толы, сан салалы пікірлерден тұрады. Психологияның тарихымен танысу бүгінгі психологияның дамуын мен оның өзекті мәселелері туралы ой қозғауға негіз екені белгілі.
Себебі бұл оқулық әлемнің танымал оқымыстыларының өмір жолы туралы, сонымен қатар оқымыстылардың өзіндік ғылыми тұжырымдары мен ойлары туралы ой қозғайды. Бұл психология саласында қызмет ететіндер, осы мамандық бойынша білім беретін жоғары оқу орны оқытушылары үшін, және студенттер үшін ерекше қажетті оқулық болып табылады. Қазақ тіліне аударуға ұсынылған оқулықтар арасынан аталған «Қазіргі психология тарихы» оқулығының орын алуы орынды шешім деп білемін. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың түпнұсқа дәрістері оқырмандар үшін құнды дүние болып табылады. Аталған еңбек ойы орамды, тілі шұрайлы оқырман жүрегінен орын алатын құнды дүние ретінде танымал болары анық.
«Қазіргі психология тарихы» өз оқырмандарын табады деген сенім мол.
С.М. Нұрғалиева,
Психология кафедрасының
аға оқытушысы