Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ


2 Апреля, 2018

Жақында Қарағандыда «Рухани жаңғыру» жемқорлықсыз қоғам» атты форум өтті. Онда жемқорлыққа қарсы күресті күшейту турасындағы профилактикалық шараларды қолдануға байланысты атқарылған жұмыстар әңгіме арқауына айналды. Форум жұмысына жүздеген жастар, түрлі ұйымдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысып, көкейдегі ойларын ортаға салды.


Бүгінгі таңда біз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз бен шешімі күрделi мәселелер де бар. Атап айтар болсақ, аталмыш салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған жайт - коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, толғағы жеткен мәселе, жауыр болған тақырып болса да, әлі де қоғам індеті ретінде шешімі табылар емес.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен жастар саясаты жөніндегі басқарманың ұйтқы болуымен өтті.

Қарағанды облысы бойынша жемқорлықты алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында бұл тақырыпта кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрады.

Қалалар мен аудандарда жыл сайын «Жастар - Жастарға» мәдени-ақпараттық керуен кездесулер өткізіліп тұрады. Барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары құрылған. Ол, 20 мыңға жуық оқушылардың басын құрайды және «Азаматтық бақылау» жобасы шеңберінде қоғамдық қабылдау бөлмесі де жұмыс істейді. Кітапханалар мен мұражайлар мемлекеттік қызметтің тиімділігін көрсете отырып, арнайы материалдар топтамасы мен жабдықталған.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. 

Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығы

Вернуться назад