Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы


2 Ноября, 2017

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның мемлекет ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және осы мемлекетке атау берген қазақ халқының рухани әлеуетін күшейту үшін қашанда жаңғыруға бастайтын идеяларды ортаға салып, олардың орындалуына мән беріп тұрады. Соның бірі – латын әліпбиіне көшу.  


Латын әліпбиінде 32 әріп бар. Қазақтың төл дыбыстары апостроф арқылы белгіленген. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Әлемде ақпараттың басым пайызы ағылшын тілінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп болары сөзсіз. Сондай-ақ бұл өзгеріс тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық және терминологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады.

Қазақстан Республикасы Президенті 2017 жылғы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлықта 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету керек екендігі туралы айтылған.
Жаңа әліпби – қазақ тілінің өзіндік төлтума қасиетіне қайта оралуына мүмкіндік беретін, латын қарпі негізінде осы жазуды пайдаланып отырған өркениетті елдерге жақындасуға, әлемдік инновацияларды жедел игеруге кең жол ашатын, ұлттық жаңғырудың қозғаушы күшіне айналатын мемлекеттік маңызды шаруа.

Сондықтан көштен қалмағанымыз, үлестен қағылмағанымыз абзал. Мен Елбасының бұл әрекетін бір ауыздан қолдаймын.

 

«Бастау» оқу – әдістемелік орталығының
директоры міндетін атқарушы Б. Даулбаева


 

Вернуться назад