Национальный Банк Казахстана укрепляет коммуникации с медиарынком


4 Июля, 2016

В Национальном Банке РК в Алматы состоялась встреча с представителями журналистского сообщества, освещающими финансово-экономические темы, для обсуждения вопросов эффективного взаимодействия со СМИ. Данное мероприятие инициировано НБ РК в рамках новой информационной политики, построенной на укреплении активных коммуникаций со средствами массовой информации, населением, бизнес-сообществом, экспертами финансового рынка.


Как отметил в ходе выступления начальник Управления по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций НБ РК Александр Терентьев, Национальный Банк открыт к диалогу и стремится к максимальной информационной открытости. Он рассказал, какая работа проводится в этом направлении, включая работу с региональными СМИ, мероприятия и проекты, связанные с повышением финансовой грамотности населения, в частности, подрастающего поколения и др.

Одними из целей данной встречи с журналистами стали решение актуальных вопросов рабочего характера, обсуждение информационного поля, которое сложилось вокруг Национального Банка РК и финансового рынка страны в целом, определение перспектив совместного сотрудничества со средствами массовой информации.

В ходе встречи представители финансового регулятора также поделились результатами проделанной информационно-разъяснительной работы в сфере внешних коммуникаций за первое полугодие 2016 года, краткосрочными планами, направленными на укрепление доверия казахстанцев к финрегулятору, через проактивные, двусторонние коммуникации с общественностью на постоянной основе, а также обеспечение всесторонней информированности и понимания обществом антикризисных мер НБ РК. Как сообщил А. Терентьев, в скором времени Национальный Банк запускает такие каналы коммуникации, как Facebook и Twitter. По его словам, активизируется работа по наполнению контента официального Интернет-ресурса НБ РК, планируется создание специализированного веб-ресурса по финансовой грамотности http://www.fingramota.kz, проведение тематических семинаров для работников медийной сферы, создание пула экспертов финансового рынка и т.д. 

 

Қазақстан Ұлттық Банкі медианарықпен коммуникацияларды нығайтады

Алматы қаласында ҚР Ұлттық Банкінде БАҚ-пен тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау үшін қаржы-экономикалық тақырыптарды жария ететін журналистік қоғамдастықтың өкілдерімен кездесу өткізілді. Бұл іс-шараға ҚР ҰБ бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықпен, бизнес-қоғамдастықпен, қаржы нарығының сарапшыларымен белсенді қарым-қатынасты нығайтуға құрылған жаңа ақпараттық саясат шеңберінде бастама жасады.

ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев сөз сөйлеген кезде атап өткендей, Ұлттық Банк ашық қарым-қатынас жасауға дайын және барынша ақпараттық айқындылыққа ұмтылады. Ол өңірлік БАҚ-пен жұмысты, халықтың, атап айтқанда өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыруға байланысты іс-шаралар мен жобаларды қоса алғанда, бұл бағытта қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып берді.

Журналистермен бұл кездесудің мақсаттарының бірі жұмыс сипатындағы өзекті мәселелерді шешу, ҚР Ұлттық Банкі және тұтастай алғанда елдің қаржы нарығы айналасында қалыптасқан ақпараттық аяны талқылау, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен ынтымақтастық болашағын айқындау болды.

Кездесу барысында қаржы реттеушісінің өкілдері сондай-ақ 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сыртқы коммуникациялар саласында жүргізілген ақпараттық-түсіндірме жұмысының нәтижелерімен, жұртшылықпен тұрақты негізде белсенді әрі екі жақты коммуникациялар арқылы қазақстандықтардың қаржы реттеушісіне сенімін нығайтуға, сондай-ақ қоғамның ҚР ҰБ-ның дағдарысқа қарсы шаралары туралы жан-жақты хабардар болуын және түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған қысқамерзімді жоспарларымен бөлісті. А. Терентьев хабарлағандай, Ұлттық Банк таяу арада Facebook және Twitter сияқты коммуникация арналарын қосады. Оның айтуынша, ҚР ҰБ-ның ресми Интернет-ресурсын толықтыру жұмысы жандануда, қаржылық сауаттылық бойынша арнайы веб-ресурсты http://www.fingramota.kz құру, медиа саласының қызметкерлері үшін тақырыптық семинарлар өткізу, қаржы нарығы сарапшыларының пулын құру және т.б. жоспарланып отыр.

Нацбанк РК

Вернуться назад