Алкоголь өнімін өндіру және сақтауға лицензия алу


23 Октября, 2015

Келесі ақпарат арақ-шарап дүкенін ашуды жоспарлағандар үшін. Алкоголь өнімін өндіру және сақтау үшін сізге лицензия қажет. «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін Салық басқармасы ғана емес, ХҚКО арқылы және www.egov.kz порталы арқылы алуға болады.


Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Егер сіз лицензияны алғаш рет алсаңыз – 100 АЕК төлеуге дайын болыңыз, лицензияны қайта ресімдеу лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10% құрайды, бірақ 4 АЕК-тан аспауы тиіс, ал лицензия телнұсқасын беру – алғашқы беру кезінде әрекет еткен АЕК мөлшерлемесінен 100%.

Егер сіз алкоголь өнімін өндіру және сақтауға лицензияны алуды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жоспарлап отырсаңыз, онда сізге нысан бойынша өтінішті толтырып, төлем туралы түбіртек және біліктілік талабына сәйкес құжаттар мен мәліметтер қажет. Егер сіз ХҚКО-да лицензияны қайта ресімдеу немесе телнұсқасын алғыңыз келсе, ерікті нысанда өтініш жазып, төлем туралы түбіртек және жеке куәлік ұсынуыңыз қажет.

Қызметті «электрондық үкімет» порталы арқылы тапсырыс берген кезде қажетті құжаттар электрондық форматта талап етіледі.

Құжаттар пакетін тапсырғаннан кейін сіз алғашқы немесе қайта ресімделген лицензияны 15 жұмыс күннен кешіктірілмей ала аласыз, ал лицензия телнұсқасын – 2 жұмыс күн ішінде. Өтінішті және құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді.

Алайда, Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған болса; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым еңгізілмесе; көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмесе; көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі болған жағдайда сізге алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беруге бас тартады. 

Вернуться назад