

Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Оған «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚҰ президенті Раушан Сәрсембаева, «Luxury Antonovich Design» жобасының жетекшісі Елена Антонович пен «International Gold Group» ЖШС бас директоры Сандуғаш Бекжігітова қатысты.
Брифингте Раушан Сарсенбаева іскер әйелдер ұйымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын қолдайтынын, еліміз тәуелсіздік алған кезден бері Нұрсұлтан Назарбаев әйелдердің жағдайын жақсарту ісіне ерекше көңіл бөліп келе жатқанын, соның арқасында Қазақстанда әйелдердің саясатта, бизнесте және қоғамның барлық салаларында нәзік жандардың әлеуетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.
– Елімізде әйелдер үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын Парламент Мәжілісіндегі депутаттардың санынан да көруге болады. Егер 2006 жылы әйелдер аз болса, қазір біздің үлесіміз 27,1 пайызға жетті. Яғни, елімізге маңызды шешім қабылдайтын адамдардың 30 пайызы әйелдер. Ал барлық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдер өкілдігінің деңгейі сайланған депутаттардың жалпы санының 22,2 пайызына жетіп отыр. Бұл жағынан Қостанай мен Ақтөбе облыстары бәрінен озып тұр, – деді ол.
Сонымен бірге ол әйелдер қауымы ел экономикасының дамытуға да қомақты үлес қосып келе жатқанын айтты.
– Мәселен, соңғы 10 жылда жылдан жылға әйелдің жұмыссыздығы 1,6 пайызға төмендеп, бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызға дейін өсті. Әйелдер Елбасының барлық бастамаларының сенімді қолдаушыларына айналып, өкіметтің барлық реформаларына белсенді араласып, тәуелсіздігімізді нығайтуға маңызды үлес қосып келеді, – деді Р. Сәрсембаева.
Жиында Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы нәзік жандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, отбасындағы кикілжіңдерге қатысты
проблемаларының бар екенін де айтып, соларды шешу үшін тиісті жұмыстың жасалып жатқанын жеткізді. Ал жалпы айтқанда Раушан Сәрсембаева Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы әйел, еркек кіндік демей бәріміздің болашағымыз үшін жасалған құжат екенін, оны халқымыз бір-бірімізді ұлтқа, жынысқа, дін мен тілге бөлмей бірігіп іске асыру керектігін айтты.
Брифингте кәсіпкерлер Елена Антонович пен Сандуғаш Бекжігітова да Жолдауды қолдайтынын, онда Елбасы елімізді жан-жақты дамытуға барлық алғышарттарды жасап бергенін, егер соларды іске асырсақ болашағымыздың баянды болатынын атап өтті.
ІӘҚ Қазақстанның үшінші жаңғырту идеясын толық қолдайды
Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғырту идеясын толық қолдайды.
«Біз, Қазақстанның іскер әйелдері ретінде Қазақстан Республикасының үшінші жаңғырту бағдарламасын өте қолдаймыз. Шағын бизнестің өкілі ретінде бұл бағдарлама бизнес дамуы жолында барлық мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Мен дизайнерлік компанияны басқарамын. Астана қаласының күннен-күнге дамып келе жатыр. Бұл елімізде құрылыс саласының бірқатар өзгеріске ұшырағанын көрсетеді. Отандық құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарды ашып, құрылыс саласын одан әрі дамытуымыз қажет. Сонда ғана жаңа жұмыс орындарының ашылуына, дені сау бәсекелестіктің болуына, құрылыс материалдарының бағасының төмендеуіне мүмкіндік береді, - деді «Іскер әйелдері қауымдастығының» өкілі Елена Антонович.
Спикердің айтуынша, әсіресе, құрылыс саласында кәсіпкерлікті бастауда мемлекеттік қолдауды алу аса маңызды.
Сондай-ақ, спикер салық қысымының төмендеуі, жеңілдікпен берілетін демалыстар, бақылаушы органдар тарапынан болатын тексерістің азаюы тәрізді жеңілідіктер кәсіптің әрі қарай дамуына жол ашатынына сенімді.
«Қазақстанда өз мамандарын дайындауда құрылыс оқу орындарын ашу маңызды қадам болып табылады», - деді Елена Антонович.
АДЖК поддержала идею третьей модернизации Казахстана
Ассоциация деловых женщин Казахстана поддержала идею третьей модернизации страны, которую озвучил в своем Послании Глава государства Нурсултан Назарбаев.
«Мы, как деловые женщины Казахстана, очень поддерживаем программу третьей модернизации Республики Казахстан. Мне, как представителю малого бизнеса, эта программа открывает большие возможности для дальнейшего развития бизнеса. Я представляю дизайнерскую компанию, сектором деятельности является строительство. Видя, какими темпами развивается наша столица, как она застраивается, мы отмечаем в строительном секторе большие изменения. Строительную отрасль надо развивать, открывая предприятия по выпуску отечественных строительных материалов, что будет способствовать открытию новых рабочих мест, здоровой конкуренции, а также снижению цен на строительные материалы», - сказала Елена Антонович, представитель «Ассоциации деловых женщин Казахстана».
По словам спикера, для предпринимателя, особенно в сфере строительства, очень важно получить поддержку со стороны государства.
По мнению спикера, это могут быть и льготные каникулы, т.е. уменьшение налогового давления, уменьшение контролирующих органов и количества проверок предприятий. Онлайн-платформы, где будет отображена вся информация о любой компании, которая создается или уже работает, будут способствовать развитию предпринимательства, что намного улучшит конкуренцию. Такие меры сделают эти отрасли привлекательными.
«Открытие строительных колледжей по подготовке в Казахстане своих профессиональных кадров является очень своевременным и актуальным», - подчеркнула Елена Антонович.