

Қарағанды қаласындағы «Евразиан Фудс» АҚ-да еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Увайс Джанаев, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңдеу өнеркәсібін дамыту, өндірісті жаңғырту, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру және еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.
Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, саладағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.
- Өндіріс саласының дамуы ел экономикасының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Сондықтан кәсіпорындардың жұмысын жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу және еңбек өнімділігін арттыру маңызды. Сонымен қатар өндіріс орындарында еңбек ететін мамандардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлінуі қажет, - деді Увайс Джанаев.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.